Бөлімдер

second_banner_qaz.png
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
8
Бүгін
990
Кеше
2087
Барлығы
2296276
RSS

Жаңалықтар

Алматы қ-сы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы мен Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
08.08.2019

Ынтымақтастықтың басым мәселелері, сөзсіз, ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру және арттыру, Басқарманың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары базасында университеттің клиникалық кафедраларының профессор-оқытушылары құрамының практикалық көмегін жүзеге асыру, Университет түлектерін медициналық ұйымдарда жұмысқа орналастыру мәселелерін басым түрде шешу, ғылыми семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді дайындауға және өткізуге бірлесіп қатысу болып табылады.
.

Денсаулық айлығын өткізу туралы ақпарат
31.07.2019

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы  1-30 тамыз аралығында  қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді. Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету. Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және профилактика.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
23.07.2019

Медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Отандық медицинамызда ерекше озгерістердің бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшу. Осыған орай, №12 Қалалық емхананың Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің мейірбикесі Умирбаева Амина Еркеновна емханаға келген науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы бірқатар түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Адамдар ем қабылдау үшін өз өңірлерінен шықпауы тиіс
16.07.2019

Алматы қаласындағы балаларға арналған №2 қалалық клиникалық ауруханасы мен Shashkin Clinic заманауи неврология және нейрореабилитация клиникасы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің қатысуымен 2019 жылғы 15-шілдеде Алматыда нейрохирургия бойынша I білім беру курсын өткізді.

Алматы қаласы бойынша көп балалы отбасы санатындағы балаларды қабылдау ұйымдастырылды
04.06.2019

«Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығы» КМК Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесе отырып, 7-13 жас аралығындағы Алматы қаласы бойынша көп балалы отбасы санатындағы балаларды қабылдауды ұйымдастырды, балалар 15 күн бойы жолданған диагноздары бойынша сауықтыру емін қабылдайды.

№ 20 қалалык емханасында» кезекті қызметкерлермен отырыста міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мәліметтер айтып өтті
30.05.2019

2019 жылдың мамыр айының 24 куні  ШЖҚ МКҚ « № 20 калалык емханасында» кезекті қызметкерлермен отырыста, Міндетті Әлеуметтік Медициналық сақтандыру(МӘМС)  туралы  Психолог: Махажан А.Р.   мәліметтер айтып өтті. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, Әлеуметтік Медицина Сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлермен  азаматтық  құқұқтық келісімшарттары негізінде еңбек ететін тұлғалар, жарна аударуды бастаған болатын.

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Оған аймақтағы барлық аудандар қатысты
27.05.2019

Бостандық ауданы бірінші орынды иеленді.
№4 Қалалық емхана  атынан жалпы тәжірибиелік дәрігер
Алтынбекова Зарина Алтынбековна қатысты.

Халықаралық отбасы күніне орай, Алматы қаласы №9 Қалалық емханасына Ашық есік күні өтті
16.05.2019

Іс-шара  барысыда емхана қызметкерлері, бала денсаулығы кабинетінде жас аналарға отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, бала денсаулығын қорғау, дені сау және науқас баланы күту, тамақтандыру, дене және психологиялық-әлеуметтік даму мәселелері, бала емізетін әйелдерді және ерте шақтағы балаларды дұрыс тамақтандыру ережелері сияқты тақырыптарда сабақ өтті. Отбасы құндылықтарын насихаттады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Алматыда АИТВ-мен өмір сүретін балаларды қолдау мақсатында «Жүрекпенүн қат» атты қайырымдылық концерті өтеді
14.05.2019

17 мамыр күні қоғамдық белсенділер, медицина қызметкерлері, әртістер мен жанашыр алматылықтар АИТВ-мен өмір сүретін балаларды қолдау мақсатында «Жүрекпен үн қат» атты қайырымдылық концертіне қатысады.

Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің үйлеріне құттықтап барып, медициналык тексерістер жасады
08.05.2019

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасын жүзеге асыру аясында,  2019 жылдың 4-ші мамыры күні № 29 қалалық емхананың  медицина қызметкерлері «9 мамыр Ұлы Отан соғысы күніне» орайластырылған Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің үйлеріне құттықтап барып,

Ақпараттық блок: Бронх демікпесінің алдын алу жолдары
04.05.2019

Бронх демікпесі – бұл әртүрлі деңгейде мезгіл – мезгіл ұзақтықпен тұншығу ұстамасы түрінде болатын бронхтардың аллергиялық созылмалы қабыну сырқаты.

9 сынып оқушылары үшін "Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу" тақырыбында семинар өткізiлді
02.05.2019

Алматы қаласының №4 қалалық емхана дәрігері  Тесікбай Айгерім салауатты өмір салты бойынша Әль-Фараби атындағы №145 орта мектептің 9 сынып оқушылары үшін семинар өткізді. Тақырыбы: «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу».

«Вакцинация маңызды!»«Вакцинация қажет!» деген ұранмен сурет көрмесін ұйымдастырды. ⠀
30.04.2019

Кеше Алматы қалалық №27 емхана қызметкерлері мен С.Көпбаев атындағы № 186 орта мектебінің оқушылары, ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен «Вакцинация маңызды!»«Вакцинация қажет!» деген ұранмен сурет көрмесін ұйымдастырды. ⠀

Жарақат - сыртқы әсер ету салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы
27.04.2019

Жарақат - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат — көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттын кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.);

N20 Қалалық емханасында жүкті əйелдер арасында вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында санитарлық іс ағарту жұмыстарын жүргізді
15.04.2019

N20 Қалалық емханасында Түркісіб аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Калибекова Алмагуль Бимуратовна және бас маманы Өтебаева Шамшат Асанғалиқызы әйелдер кеңесінің бөлімшесінде жүкті əйелдер арасында вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында санитарлық іс ағарту жұмыстарын жүргізді. Яғни , қызылша, қызамық, көк жөтел, дифтерия, сіреспе, құрт ауруы (туберкулез), гепатит В. Сонымен қатар балаларға екпе алудың қажеттілігі мен маңыздылығы түсіндірілді.

№169 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылар арасында уақытылы екпе егудің пайдасы туралы семинар жүргізді
13.04.2019

05.04.2019 күні №22 Қалалық емханада №169 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылар арасында вирустық гепатит В,С ауруларының таралу жолдары мен алдын алу сақтық шаралары, жұқпалы аурулардың спецификалық алдын алу бойынша уақытылы екпе егудің пайдасы туралы семинар жүргізді.

Алатау ауданындағы емханалардың қызметкерлері арасында "Медициналық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар-тренинг өткізді
11.04.2019

2019 жылы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының деңгейін арттыру мақсатында, №23 қалалық емханада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мониторингтеу тобы, Алатау ауданындағы емханалардың қызметкерлері арасында "Медициналық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар-тренинг өткізді

Хабарландыру
01.04.2019

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

Хабарландыру
28.03.2019

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру









Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Қанат Төсекбаев барлық қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс күнімен құттықтайды!
01.03.2019

Бұл мереке достық пен келісімді бейнелей отырып, Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігінің жасампаз символы болып табылады. Бұл біздің еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметін, ортақ тарихымызды құрметтеуге, өзара көмек көрсету, қолдау көрсету, қайырымдылыққа тағы да бір мүмкіндік.
Шын жүректен денсаулық, бақыт, қызметтеріңізге мол табыс, бастарыңызға бейбіт аспан тілеймін!