Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
2
Бүгін
151
Кеше
2451
Барлығы
2344800
Денсаулық айлығын өткізу туралы ақпарат

Денсаулық айлығын өткізу туралы ақпарат

31.07.2019
Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы  1-30 тамыз аралығында  қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді. Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады.
Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.
Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және профилактика.
Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалы кешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Терапевтер,педиаторлар,кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдаулар жүргізеді.
Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин, қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері-соз ауруларына қатысты экспресс- тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялық қорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордың қабылдауында болады.
Бұлардан өзге,медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұмат береді, мобилді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндіреді.
Қалалықтарға скринг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат ұсынылады.
Денсаулық айлығы кезінде:
Флюорография,рентген аппараттарымен жабдықталған бес машина;
КамА базасы негізінде екі жылжымалы медициналық кешен (ЖМК);
ПАЗ базасы негізінде бір ЖМК;
Диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС)  қызмет көрсететін болады.
Тұрғындарға кардиолог,пульмонолог,терапевт,стоматолог, акушер-гинеколог кеңес береді.

Возврат к списку