Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 04.10.2013

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының құрылуы мен қызметі туралы тарихи анықтама

1.png

1927 жылдың 1 қазанында Жұмысшы, Шаруа және Солдат депутаттарының (1937 жылдан бастап - еңбекшілер депутаты, ал 1977 жылдың 7 қазанынан бастап - Халық депутаттарының) Жетісу Губерниялық Кеңесінің қаулысымен Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі ұйымдастырылды. 

2.png

Бастапқыда 1927 жылы бөлімнің штатында небәрі 2 бірлік қана болды: меңгеруші мен хатшы. Есеп жүргізу мен есеп беру бойынша барлық техникалық жұмыстарды губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Тек 1928 жылдың 1 тамызынан бастап қалалық денсаулық сақтау бөлімін бөліп шығарып, оның штатын 4 адамға дейін арттыра отырып қалалық кеңеске ауыстыруға талпыныс жасалды: Меңгеруші - бағынышты мекемелердің жұмысына жалпы бақылау жасау, смета бойынша бөлінетін кредиттердің жұмсалуын бақылай отырып, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне басшылық жасау мен нұсқау беру; Хатшы - іс қағаздарын жүргізуге жауапты, барлық отырыстар мен мәжілістердің хаттамаларын жүргізеді, берілетін есептер мен баяндамаларды жасайды және меңгерушінің жақын көмекшісі әрі ол жоқ кезде оның орынбасары болып табылады; Іс жүргізуші-статистик - барлық жүріп жатқан хат-хабарларды, істерді және жорналдарды тіркеуді жүргізеді, барлық медициналық және басқа да статистиканы жүргізеді, жоғары жаққа жіберілетін мәліметтер мен хаттарды әзірлейді, машинистканың міндетін атқарады; Есепші - сметалар мен есепшілік ведомостарын жасайды, дербес өкімдік етуші болып табылатын мекемелер беретін кредиттердің есебін жүргізеді және оларға бақылау жасайды.

3.png

1928 жылдың өзінде Алматы қалалық кеңесінің 20.09.1928ж. 33 отырысында тікелей әкімшілік ықпалын жүргізу және басшылық жасау, қаржыландыру үшін Қалалық кеңес 16 медициналық мекемені жергілікті қалалық бюджетке қабылдады. Олардың ішінде: 

120 төсектік №1 Қалалық бірлескен клиникалық аурухана. «Қызыл Крест» қоғамының ауруханасы ретінде 1898 жылы құрылды. 1924 жылға дейін Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің Алматы уездік-қалалық ауруханасы болды. 1924 жылдан бастап клиникалық аурухана болды. 1928 жылдың 15 тамызынан бастап - Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің қалалық ауруханасы. 1949 жылдан бастап - Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің № 1 қалалық бірлескен клиникалық ауруханасы, ал 1976 жылы ол жедел медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының құрамына кірді. 

4.png

1926 жылы орталық амбулаторияның жанынан құрылған жедел медициналық көмек қызметі. 1927 жылы ол қалалық аурухананың амбулаториясына берілді, 1928 жылдан бастап пункт болды, 1929 жылдан бастап - отряд, ал 1934 жылдан бастап - қалалық ауруханаға қарасты жедел жәрдем станциясы болды. 1937 жылдан бастап Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің жедел жәрдем станциясы болып бөлініп шықты. 1976 жылғы 22 желтоқсанда жаңа медициналық мекеме - Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі медициналық жедел жәрдемнің қалалық клиникалық ауруханасы құрылды. 

1939 жылдың 1 сәуірінде құрылған және бастапқыда 4: санитарлық-эпидемиологиялық, зертханалық, инфекция ошағы және стационарға жатқызу бөлімдерінен тұратын Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бастауы болған бір санитарлық дәрігер. Кейінірек алпысыншы жылдары қосымша паразитологиялық бөлімше құырылып, станция қалалық санитарлық инспекциямен біріктірілді, соның негізінде ескертуші санитарлық бақылау бөлімі мен СЭС құрылды. Ал сексенінші жылдары ескертуші санитарлық бақылау бөлімін ірілендіру жолымен өнеркәсіптік және жалпы гигиена, тұрғын үй-коммуналдық санитария, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гиги енасы мен тағамдық санитария бөлімдері құрылды.

5.png

1926 жылы құрылған Жетісу губерниялық Алматы қалалық санитарлық ағарту Үйі, ал 1927 жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі. 

Сонымен қатар көз, психиатрия, балалар венериология ауруханалары мен қамау орындарының ауруханасы, дәрігер-мамандардың орталық амбулаториясы, сүт асханасы бар балалар кеңесі, тұрақты балабақша, түнгі шипажайы бар вендиспансер мен тубдиспансер, пастер және безгек станциялары, сот-мед сараптамалық кабинеті, химико-бактериологиялық және тіс техникалық зертханалары, 2 дәріхана және санитария мен гигиена дүкені. 

Сол кездегі қалалық денсаулық сақтау бөлімінің негізгі жоспарларының ішінде безгекпен және гельминттік аурулармен күрес, акушерлік-гинекологиялық көмекті жақсарту шаралары, студенттерге медициналық қызмет көрсету, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру болды. 1928 жылдың өзінде азаматтарды дәрігерлер берген рецепттер бойынша дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету болды, оның ұйымдастырушылық қағидалары көп жағынан қазіргі қолданылып жүрген моделдерге ұқсас. 

1928 жылдың 1 қазанынан бастап қаладағы емдеу-алдын алу желісін қаржыландыру алғаш рет Аймақтық қаржы бөліміне жүктелді. 1928-1929 қаржылық жылдардағы денсаулық сақтау саласының бюджеті 198 мың 550 сомды құрады. Сол кездегі дәрігердің орташа айлығы 125 пен 180 сом аралығында, стоматолог пен фармацевттікі - 90 сом, бухгалтердікі - 75 сом, техникалық қызметкерлердікі - 28 бен 35 сом аралығында болды.

6.png

1931 жылы емдеуші-дәрігерлер мен алдын-алушы - дәрігерлердің орташа айлығы 150 мен 300 сом аралығында болды. Сол кездерде тәжірибелік өтіліне, кейбір жерлердегі жұмыс жағдайына, сонымен қатар денсаулық сақтау ісі қызметкерлерінің тұрмыс жағдайына орай жалақысына үстеме қосу туындады. 

1935 жылы ҚасКСР Денсаулық сақтау халықтық комитетінің 15.08.1935ж. № 899/23 бұйрығымен денсаулық сақтау ісінің практикалық қызметкерлерінің жалақылары көбейтілді, ол үшін Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қаласына 147 640 сом бөлінді.

1937 жылы денсаулық сақтау бөліміне бағынышты мекемелердің құрылымына тағы 4 қалалық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік пункт, сақтандырылған 600 -ден 1300 -ге дейінгі алматылықтарға қызмет көрсететін денсаулық сақтау пункттері мен 400 -дей адамға қызмет көрсететін фельдшерлік пункттер қосылды.

8.png

Ұлы Отан Соғысы жылдары алғашқы 1,5 айдың ішінде ғана Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының қатарына қаланың денсаулық сақтау саласының 192 қызметкері шақырылды. Олардың қатарында дәрігерлер, фельдшерлер, санитарлар, жүргізушілер мен т.б. бар. Алматы қ. аумағында асы ірі тылдық госпиталь базасы орналастырылған еді. Прибалтика республикалары мен РСФСР -нан қалалық денсаулық сақтау бөлімі жүйесіне 27 адам (дәрігерлер, фельдшер, орта медицина қызметкерлері мен фармацевт) көшіріліп әкелінді. Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі гарнизонының бөлімдерінде емдік көмек көрсетілуін жақсарту мақсатында 1943 жылдың 29 сәуірінде Эвакогоспитальға қарасты гарнизондық емхана құрылды. Сол жылы Каганович ауданының Жедел көмек станциясының филиалы жұмыс ауқымының ұлғаюына орай дербес бірлік болып бөлінді.

Қорғаныс кәсіпорындарына қызмет көрсететін және майданннан көшірілгендерге көмек көрсететін, сонымен қатар тамақпен улану мен асқазан-ішек инфекцияларының алдын алуға бағытталған шараларды іске асыратын медико-санитарлық мекемелердің жұмысы күн сайын сағат 17-00 -де 4 (Ленин, Сталин, Фрунзе мен Каганович) аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінен мәлімет жинайтын қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің жеке бақылауында болды.

10.png

Амбулаториялық-емханалық мекемелердің жұмысы науқастарды сағат 8-00-ден 21-00-ге дейін қабылдайтын үзіліссіз жұмыс аптасына ауыстырылды. Қаланың әр емханасында үй стационарлары ұйымдастырылды. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің 1942 жылғы 24 қазанындағы №213 бұйрығымен «Қаланың барлық емдеу - алдын алу мекемелерлінде науқастарға қатысты бюрократизм мен салғырттық көрінісін түбегейлі және шұғыл жою, ондай ісімен көзге түскен қызметкерлерді, айыптыларды қатаң жауапкершілікке тарту» пәрмен етілді. 

Кадрлар құрамын сақтап қалу мақсатында учаскелік дәрігерлер мен терапевтік бөлімшелер меңгерушілерінің жұмыстан шығуы немесе жұмыс орнын ауыстыруы тек қалалық денсаулық сақтау бөлімінің рұқсатымен ғана жүргізілді. 

«1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» меделімен марапаттауға Алматы қалалық денсаулық сақтау саласының 873 қызметкері ұсынылды. 

Соғыс уақытындағы жағдай ІІІ (1938-1942жж) бесжылдықтың жоспарын толық жүзеге асыруға, әсіресе тұрғындарды аурухана төсегімен қамтамасыз ету мәселесінде мүмкіндік бермеді. Төсектердің жалпы саны 1885 теңелді, бұл 1000 тұрғынға 7,5 төсектен аспады. Негізгі мәселе, қаражат бөлу тұрғысынан да, құрылыс матриалдары тұрғысынан да жаңа ауруханалар салудың күрделілігі болды. Оның үстіне, 1943 жылы басталған дәрігерлерді Алматыдан басқыншылардан азат етілген жерлерге қайта көшіру соғыс жылдары қаланың медицина жүйесінің біршама ұлғайғанына қарамастан дәрігер кадрларының жетіспеушілігін туындатты. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі мекемелерінің дәрігерлер лауазымының штаты 879 бола тұра 1943 жылы 792 лауазымның жұмысын 487 жеке тұлға атқарды. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің штатының өзі соғыстан соңғы кездері 20 адамға жуық болды. 

Әйтседе, қала тұрғындары санының 250 мың адамнан (1945 жыл) 320 мың (1950 жыл) адамға өскенімен қатар, 1950 жылға қарай барлық стационарлық төсектің саны 2975 -ке жетті, оның 2345 -і Қалалық денсаулық сақтау бөліміне қарасты, оның ішінде 100 төсек үй стационарына тиесілі болды. Осылайша, тұрғындардың қамтылуы 1000 тұрғынға 11,9 төсектен келетін болды. 

Туберкулезге қарсы күрес қызметіне де баса назар аударыла бастады. Бұл профилдің төсек саны 1950 жылы 565 құрады (1000 тұрғынға 1,75), ал 1945 жылы олар 385 болған еді (1000 тұрғынға 1,5). 

Босандыру қызметі жылдар бойы Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басты саласы болып келеді. Босандыру төсектерінің саны 1950 жылы 320 құрады (1000 тұрғынға 1), сөйтіп барлық босанатындардың стационарда 10 күн жатып шығуын қамтамасыз етті. 

12.png

1945 жылы 855 (оның ішінде 300-і балалар) болған инфекциялық төсектің саны науқастардың майданнан келуінің тоқтауына байланысты 620 -ға дейін (оның ішінде 320 балалар) қысқартылды. 

Сол кездегі қалалық денсаулық сақтау бөлімінің жылдық жұмыс жоспарында қаланың емдеу мекемелерінде тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ететін соцжарыстар ұйымдастыру жеке тармақпен берілген. 

Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің қызметінде, құрылымында, міндеттері мен бағыныштылығында өткен ғасырдың 70 - жылдарының ортасына дейін айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Кейінгі 10 жылда денсаулық сақтау саласы қарқындап дами бастады. 

Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пункттері санының көбеюіне байланысты тұрғындарға медициналық көмек көрсету ауқымы да - 1974 жылғы 96 -дан 1984 жылы 122-ге дейін артты.

Денсаулық сақтау саласы деңгейінің күрт көтерілуіне Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы «Алматы қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасының жағдайы мен оны нығайту шаралары туралы » №312 Қаулысының ролі зор болды. Осы Қаулының орындалуы жүйеге түбегейлі өзгеріс енгізді. 

Жаңа құрылыстар салу мен ғимараттарды медициналық мекелерге беру есебінен ауысымына 500 адам қабылдай алатын емханасы бар 250 төсектік Орталық қалалық клиникалық аурухана, №3, 4, 5 емханасы бар қалалық ауруханалар, медициналық жедел жәрдемнің қалалық ауруханасының құрамындағы 200 төсектік емдеу корпусы, 300 төсектік стационары бар қалалық психо-неврологиялық диспансер, типтік 2 емхана, жедел медициналық жәрдем станциясының ғимараты, қалалық наркологиялық диспансер, студенттер емханасы сияқты ірі көп салалы емдеу-алдын алу мекемелері ашылды. 

Қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің техникалық жабдықталуы мен білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етілуі біршама жақсарды. Осының бәрі тұрғындарға медиицналық көмек көрсетудің сапасы мен мәдениетінің біршама артуына мүмкіндік берді.

14.png

КПСС ОК мен СССР Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 22 қыркүйектегі №870 Қаулысына сәйкес қаладағы емдеу-алдын алу мекемелері материалдық-техникалық базаларын ары қарай дамыта түсті. 

Сонымен, 1978 бен 1984 жылдар аралығында Әуезов ауданында 200 төсектік перзентхана, 4 стоматологиялық емхана, 300 төсектік балалар жұқпалы ауралар ауруханасы, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 2 шипажай, қалалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 2 санэпидемстанциясы, профилактикалық медициналық тексерістер жүргізуге арналған дербес шаруашылық есептегі емхана, Ленин ауданындағы емхана, Алатау, Әуезов және октябрь аудандарында 3 жаңа емхана, Алатау ауданында 700 төсектік аурухана кешені және Алатау мен Москва аудандарында 2 балалар емханасы салынып, іске қосылды. 1981 жылы қалада «Неке және отбасы» кеңесі ашылды. 

1926 жылы орталық амбулаторияның жанынан құрылған жедел медициналық көмек қызметі. 1927 жылы ол қалалық аурухананың амбулаториясына берілді, 1928 жылдан бастап пункт болды, 1929 жылдан бастап - отряд, ал 1934 жылдан бастап - қалалық ауруханаға қарасты жедел жәрдем станциясы болды. 1937 жылдан бастап Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің жедел жәрдем станциясы болып бөлініп шықты. 1976 жылғы 22 желтоқсанда жаңа медициналық мекеме - Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі медициналық жедел жәрдемнің қалалық клиникалық ауруханасы құрылды. 

1939 жылдың 1 сәуірінде құрылған және бастапқыда 4: санитарлық-эпидемиологиялық, зертханалық, инфекция ошағы және стационарға жатқызу бөлімдерінен тұратын Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бастауы болған бір санитарлық дәрігер. Кейінірек алпысыншы жылдары қосымша паразитологиялық бөлімше құырылып, станция қалалық санитарлық инспекциямен біріктірілді, соның негізінде ескертуші санитарлық бақылау бөлімі мен СЭС құрылды. Ал сексенінші жылдары ескертуші санитарлық бақылау бөлімін ірілендіру жолымен өнеркәсіптік және жалпы гигиена, тұрғын үй-коммуналдық санитария, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гиги енасы мен тағамдық санитария бөлімдері құрылды. 

Компартияның қалалық комитеті мен халық депуттаттары кеңесінің шешімі бойынша №1 Балалар жұқпалы ауралар ауруханасының босаған ғимараты қалалық медицина училищесін ашу үшін берілді. Бұл қаладағы медицина мекемелерін орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі ірі қадам болды.          

1978 жылдың қыркүйегінде Алматыда бастапқы медико-санитарлық көмек жөніндегі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының халықаралық конференциясы өтті. Халықаралық сарапшылар республикада қолданылып жүрген тұрғындарға медициналық көмек көрсету жүйесін өте сенімді және ұтымды да деп таныды. 

ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 16 маусымдағы №252 өкімі мен Халық депуттаттарының Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық кеңесінің атқару комитетінің 1980 жылғы 6 қарашадағы «Алматы қаласында Алатау мен Москва аудандарының құрылуы туралы» №591 және 1981 жылғы 21 қыркүйектегі «Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің емдеу - алдын алу мекемелері желісін қайта құру туралы» №428 шешімдеріне сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қаласында аудандық атқару комитеттерінің 8 аудандық денсаулық сақтау бөлімдері құрылды, соған орай тұрғындар мен медициналық қызмет көрсетуді аумақ бойынша нақтылап бөлу іске асырылды. 

Дегенмен, бұл тәжірибе нәтижесіз болды да Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық атқару комитетінің 1987 жылдың 3 маусымындағы №14-306 шешімімен аудандық денсаулық сақтау бөлімдері қысқартылды, ал Қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық атқару комитетінің денсаулық сақтау басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында сол кезде 9 бөлім болды: 

Жалпы бөлім

  • Жоспарлау-қаржылық
  • Ұйымдастыру-әдістемелік
  • Емдеу-алдын алу
  • Бақылау-тексеру
  • Құрылыс, автокөлік пен материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі
  • Шаруашылық есептегі мекемелер бөлімі
  • Кадр бөлімі
  • Бухгалтерия

Әкімшілік бөлімді қайта құрылымдау басқару мен жоспарлаудың тұтас жүйесін, сонымен қатар денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың бірегей формасын іске асыруға мүмкіндік берді. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау саласын басқару аппараты жұмысының жоспарлылығын қамтамасыз ету шаралары анықталды, кеңестер, комиссиялар мен комитеттер, өткізілетін отырыстар мен мәжілістер саны екі есеге азайтылды. 

Денсаулық сақтау саласын қайта құру жағдайында емдеу-диагностикалау процессіне, оның кезеңділігінің ұйымдастырылуына баса назхар аударылды. 1988 жылдың желтоқсанында қалалық кеңестік-диагностикалық орталық ашылды. 27 денсаулық сақтау мекемелерінде 15 мамандық бойынша ақылы медициналық және кеңестік көмек көрсетіле бастады. 

Тоқсаныншы жылдары емдеу-алдын алу бөлімі тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бөлімі, балалық пен босандыру бөлімі - ана мен баланы қорғау бөлімі; емдеу мекемелерінің қызметін реттеу бөлімі - жалпы бөлім болып қайта құрылды. Қалалық денсаулық сақтау жүйесінің нарықтық экономика жығдайында жаңа шаруашылық механизміне көшуіне байланысты 1992 жылдың 10 қаңтарында қалалық басқарудағы шаруашылық топ құрылды. 1993 жылы жаңа - аккредитациялау, лицензиялау мен иннновациялық бөлім ашылды. 

1995 жылы мекеменің өзінің және оның құрылымдарының атауларында өзгерістер болды. Басқарма мемлекеттік орган ретінде екі жаққа: қалалық атқарушы билік органдары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын болды. Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық әкімшілігінің атауындағы өзгерістерге байланысты 1995 жылдың 1 қарашасынан бастап Денсаулық сақтау басқармасы Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қаласы Әкімі аппаратының функционалдық бөлімі болды. 

1998 жылы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі құрылды. Оған қарасты Денсаулық сақтау комитеті жұмыс істеді, ол қаланың денсаулық сақтау жүйесіне 1999 жылдың шілдесіне дейін жетекшілік етті. 1999 жылдың қаңтарынан бастап шілдесіне дейінгі қысқа кезеңде Министрлік: Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып аталды, оған қарасты денсаулық сақтау комитеті де жұмыс істеді. 1999 жылдың шілдесінен бастап Министрлік Денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттік, ал 2001 жылы қайтадан Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылды. 

1999 жылдың 28 желтоқсанында қала әкімінің «Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті туралы» №1281 шешімі қабылданды. Осы кезден бастап Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық денсаулық сақтау басқармасы ресми атауға ие болды: Алматы қаласы Әкімі аппаратының Денсаулық сақтау департаменті, Денсаулық сақтау Басқармасының мұрагері болып табылады. 

Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған негізгі міндеттерді шешу үшін, Денсаулық сақтау департаменті денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару мен бақылауды қамтамасыз етеді, қала аумағынағы емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысына басшылық жасайды. Департаменттің алқалық органы алқа төрағасы - директор бекіткен жоспар бойынша жұмыс атқаратын алқа болып табылады. Алқа құрамын департамент директоры бекітеді. Алқа мұүшелерінің көпшілік даусымен қаулылар қабылданады, олар департамент директорының бұйрықтарымен жүзеге асырылады. 

1996 жылы департамент құрылымы басшылықтан және 7 бөлімнен тұрды: 

  • Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі 
  • Жалпы бөлім 
  • Кадр бөлімі 
  • Қаржыны болжау және бөлу бөлімі 
  • Міндетті медициналық білім беруді енгізу бөлімі 
  • Материалдық-техникалық жабдықтау мен күрделі жөндеу жұмыстары бөлімі 
  • Бухгалтерлік есеп пен есептілік бөлімі. 

1997 жылы Қаржыны болжау және бөлу бөлімі қаржы-экономикалық бөлімге кірді. Сол жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі дараланды. 

Жетекші ұйымдастыру-әдістемелік бөлім 2000 жылға дейін Орталық қалалық клиникалық аурахананың құрылымында болып келді, сондықтан қалалық маңыздағы мәртебесі болғанымен де қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штатына енбеген еді, 2000 жылы ол ақпарат және медициналық мекемелердің қызметін талдау бөлімі болып Денсаулық сақтау департаментінің құрылымына енді. 

1995-2000 жылдар аралығында   ведомомтволық   жүйеде   де    бірқатар өзгерістер болды. 2000 жылға қарай департаменттің емдеу-алдын алу мекемелерінің саны 73 Қаржыны болжау және бөлу бөлімі - ке дейін көбейді. Оның үстіне, емдеу-алдын алу мекемелерінің шағын учаскелер бойынша топтарына қызмет көрсеткен орталықтандырылған бухгалтериялар 1997 жылдан бастап өз жұмысын тоқтатты. 

1998 жылы   емханалық қызметтерді қайта   құру   жүргізілді, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, перзентханаларда жаңа бөлімшелер ашыла бастады. Ақылы медициналық қызметтер кеңінен енгізіле бастады. 

1998 жылы Президенттің жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан міндетті медициналық сақтандыру қоры және оның бөлімшесі - міндетті медициналық сақтандырудың Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық бөлімшесі құрылды, ол Денсаулық сақтау департаментінің негізгі қаржылық серіктесі болды, және қаладағы емдеу-алдын алу мекемелерінде қаражаттың ұтымды әрі мақсатты пайдаланылуына бақылау жасап отырды. 1999 жылы қор өз жұмысын тоқтатты. 

Қазіргі күні Денсаулық сақтау басқармасы - бұл Алматы қалалық денсаулық сақтау жүйесінің басты орталығы. 40 -тан аса адамнан тұратын команда медициналық мекемелер басшыларымен және кәсіби мамандармен тығыз ынтымақтаса отырып тұрғындардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік саясатты нақты жүзеге асыруда.