Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 31.03.2018


Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «22» желтоқсандағы

4-607 қаулысымен бекітілді

 

 «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 1.                  Жалпы ережелер

 1.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы аумағында денсаулық сақтау саласында жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық  қатынастарға өз атынан түседі.

5.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер ол оған заңнамаларға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.

7.                   «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.                  «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 6.

9.                  Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

-       мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

- орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление здравоохранения города Алматы».

10.              Осы Ереже «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.              «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.              «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметтерді жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.      «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 13.               «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқаратын миссиясы – Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

14.              «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1)                 ана мен бала денсаулығын нығайту;

2)                 әлеуметтік маңызы бар аурулардың салмағын төмендету;

3)                 салауатты өмір салтын дамыту;

4)                 медициналық көмектің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру;

5)                 дәрілік заттармен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу;

6)                 медициналық мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.

15. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10 бабына; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі  туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы»,                          2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттік сатып алу туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген:

1)                 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

2)                  денсаулық сақтау, білім мен ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

3)                 уақытша бейімдеу мен детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық мақсаттағы бұйымдармен, дәрілік заттармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

4)                 денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау жүргізілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5)                  денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары әкімгерлерінің қызметін жүзеге асырады;

6)                 тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша  медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жеткізушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

7)                 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету аясында профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыру) препараттарын, дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады:

амбулаторлық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде;

8)                 медициналық мақсаттағы бұйымдарды мен медициналық техника, медициналық емес құралдар, санитариялық автокөлік, сондай-ақ, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу қызметтерін сатып алуды ұйымдастырады;

9)                 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10)             мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуын қамтамасыз етеді;

11)             денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және қызмет етуін қамтамасыз етеді; 

12)               жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базаларды ұсынады;

13)              төтенше жағдайларда медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, тегін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

14)              медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

15)              салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, дұрыс тамақтану, гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;

16)              айналадағы адамдарға қауіп тудыратын аурулар мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы туралы тұрғындарды ақпараттандырады;

17)              азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

18)              статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындаға ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асырады;

19)              ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;

20)             лицензиялық бақылауды жүзеге асырады және медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алған кезде өтініш иелерінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды береді;

21)             мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

22)             «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалайды;

23)             ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

24)             ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдау жүргізеді;

25)             ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

26)             ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

27)             шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының, оның орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтердің лауазымдық жалақыларының көлемін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

28)             жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда байқау кеңестерін енгізеді, байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесінің отырысын шақыру және өткізу тәртібін бекітеді; байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді жүргізеді;

29)             жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

30)             гендерлік аспектілерді қарайды.

16. «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де мемлекеттік ұйымдарынан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

2) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келісімдер жасау және келіссөздер жүргізу;

3) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;

4) белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат шешімдерінің және әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын енгізу;

5) денсаулық сақтауды дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңсе беру органдарын құру;

6) «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражат шегінде «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жеке, мамандарды жұмылдыру;

7) қала өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыратын өкілеттіктерге сәйкес өткізілетін мәжілістерді, жәрмеңкелерді, көрмелерді ұйымдастыру және оларға қатысу;

8) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа  талап арызбен жүгіну;

9) өзіне берілген мүлікті басқару;

10) айналымдағы валютамен есеп айырысу жүргізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін" толығымен жүктеу