Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 25.10.2013

Бос орындар

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке  орналастыру туралы ақпарат

1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығы 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет қызметіндегі тәртіпті өткізу ережелерінің бекітілуі туралы» 2000 жылдың 10 наурызындағы №357 Жарлығының 5 бабын ауыстыру тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу құжаттары (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет– ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында www.almatyzdrav.kz соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

2. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің бос лауазымы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының www.almatyzdrav.kz ресми сайтында орналастырылады.

3. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстың қосымша сұрақтары бойынша кеңес беретін және конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайтын денсаулық сақтау басқармасы әкімшіліктік-құқықтық бөлімінің басшысы – Гүлбану Күмісбекқызы Жанқарашова, жұмыс телефоны: 274-45-86, электронды мекен-жайы: gulbanu@dzalmaty.kz