Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 28.06.2019

 

Ашық конкурс өткізу туралы хабарлама

 

«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77 тармағына сәйкес «№5 Қалалық клиникалық аурухананың мүліктік кешенін (жекешелендіру құқығынсыз) қайта жаңарту және пайдалану» МЖӘ жобасын іске асыру үшін жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

МЖӘ шартының объектісі:  «№5 Қалалық клиникалық аурухананың мүліктік кешені

МЖӘ нысаны:                        Келісімшарттық МЖӘ

МЖӘ түрі:                              Сенімгерлік басқару (жекешелендіру құқығынсыз)

МЖӘ шартының мерзімі:     20 жыл

Талап етілетін инвестиция

көлемі:                                   2 125 872,0 мың теңге

 

Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Біліктілік іріктеу» бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакетін осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 9-00-дан 13-00-ге дейін және 14-00-дан 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6 үй мекенжайы бойынша алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакеті тегін беріледі.

Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін конвертке желімделген құжаттарды «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ-ға келесі мекенжай бойынша тапсырады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6 үй, № 204, 208 кабинет.

Әлеуетті жекеше әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2019 жылғы «16» шілде Алматы қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2019 жылғы «26» шілде Алматы қаласы уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қоса алғанда.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2019 жылғы «29» шілде  Алматы                            қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы 4, № 5 зал.

Әлеуетті жеке әріптес (оның уәкілетті өкілі) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық тасығышта «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ басшысының орынбасары Қаракөз Сабетбекқызы Қожахметовадан тел.: 8-727-274-00-80, бас маман Дариға Ақылбекқызы Үсеновадан ала алады тел.: 8-727-274-59-07.                              .

Анықтамалық ақпаратты «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы" КММ-дан 8-727-274-00-80, 8-727-274-59-07 телефондары арқылы алуға болады.