Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 21.12.2016


Алматы қаласында медициналық жедел жәрдемді шақыру

Ережелері

Алматы қаласында медициналық жедел жәрдем көрсетуді ұйымдастыруды медициналық жедел жәрдем Станциясы (МЖЖС) жүзеге асырады.

МЖЖС оқиға орнында, сондай-ақ жол жүру барысында жіті ауыр сырқаттардан, созылмалы аурулардың асқынуынан, жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан, уланулардан, жүктілік және босанулардан туындаған шұғыл жағдайлар кезінде Алматы қаласында ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

Шұғыл медициналық көмек көрсету емдеу-диагностикалық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен (ДСМ бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес) және дайындықтан өткен медициналық қызметкерлермен, жабдықталған медициналық жедел жәрдем бригадаларымен (МЖЖ бригадаларымен) жүзеге асырылады.

Жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін «103» нөміріне хабарласады.

МЖЖС келесі жағдайларда МЖЖ бригадаларын жібереді:

5.1. Түскен шақыру сипаттамасы, ауру-сырқаушылық профилі бойынша өңделеді және медициналық жедел жәрдемнің жылжымалы бригадасына беріледі. Жылжымалы бригадалар жіберіледі:

5.1.1.бақытсыз жағдайларда, жарақаттарда және улануларда медициналық жедел жәрдем көрсету әрі тасымалдау үшін;

5.1.2.психикалық ауруларды қоса есептегенде, пациенттің және айналасындағы адамдардың өміріне әрі денсаулығына қауіпті ауру-сырқаушылықта;

5.1.3.босануларда және жүктілік ағымындағы асқынуларда;

5.1.4.алғашқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай - АМСК) мамандарының шақыруын қоса есептегенде, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттерді тасымалдау үшін.

5.2. Ауруханаға шұғыл жатқызуды талап ететін жағдайлар кезінде БМСК ұйымдары мамандарының шақыруы бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу үшін ЕАҰ-на тасымалдау үшін.

БМСК дәрігері науқасты тасымалдау үшін МЖЖ бригадасын шақырғанда өзінің аты-жөнін, жұмыс орнын және лауазымын айту, сондай-ақ тасымалдау себебін негіздеуі керек.

Шақыру шұғыл тәртіпте қызмет көрсетілуі керектігі туралы сұрақты медициналық жедел жәрдем Станциясының ауысымдағы үстем дәрігері ҚТС – 103, 279-73-73, 279-85-71 телефон нөмірлері бойынша шешеді. Тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда үстем дәрігер өзінің аты-жөнін айтып, сәйкес телефон нөмірін беріп, нақты жағдайда медициналық көмек алу үшін қайда бару (емханаға, кеңес алуға, диспансерге, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға және т.б.) туралы ұсыныстар беруге міндетті.

МЖЖС келесі жағдайларда шақыруларды қабылдамайды және шақыруларға шықпайды:

7.1.шұғыл және кідіртпейтін медициналық көмекті қажет етпейтін жағдайда;

7.2. АМСК көрсететін мекемелердің жұмыс уақытында өмірге қаупі жоқ жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін;

7.3.медициналық мекемелердің тағайындаған диагностикалық және емдеу процедураларын орындау үшін;

7.4.шұғыл госпитализацияны қажет етпейтін зардап шегушілерді, пациенттерді және жүктілерді тасымалдауға;

7.5.сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптама жасауға;

7.6.медициналық мекемелерде консультативтік көмек көрсетуге;

7.7.пациенттерді стационардан үйіне алып баруға;

7.8.өлімді куәландыру мен акт жасауға. 

Жедел медициналық жәрдемді шақырушы адам шақыруды қабылдайтын МЖЖС диспетчерінің барлық сұрақтарына нақты жауап беруге міндетті. Нақты мекен-жай мен шақырушы адамның немесе науқастың/зардап шегушінің телефон нөмірін (үйге жетуді нақтылайтын мәліметтерді, кіреберіс есігінің кодын); науқастың атын, тегін, жасын және жынысын; науқас жағдайы бойынша қысқаша мәліметтерді және жазатайым оқиға немесе ауру жағдайларын дұрыс беруі керек. Осының барлығы жіберілетін бригада бейінін анықтау және мекен-жай мен науқасты іздеуге көп уақыт жұмсамау, шақыруға уақытында келу үшін қажет. Мүмкін болса, көлікті көшеде, қақпа сыртында немесе үй кіреберісінде күтіп алуы керек.

Ауруханаға тасымалдау қажет болғанда, туыстар және таныс адамдар тек жедел жәрдем қызметкерінің рұқсатымен ғана және бір адам науқасқа ілесіп бара алады.

Ауруханаға жатқызылуға жеткізілген науқастар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты 279-63-63; 279-82-55 телефон нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін МЖЖС анықтама үстелі береді.

Үйде қалдырылған науқастарға учаскелік дәрігерге арналған көрсетілген көмектің толық тізімі бар дабыл парағы беріледі.

12.Тұрғындардың қалалық психикалық сауықтыру орталығына (ҚПСО) қаралу негіздері:

12.1. Психикалық күйдің бұзылу жағдайына байланысты (психомоторлы қоздырылған күй, елестер, сандырақ, есінің бұзылу синдромы) науқастың өзін-өзі дұрыс ұстамауы, өзіне және қоршаған адамдарға тікелей қауіпті әлеуметтік-қауіпті болуы мүмкін қылықтар;

12.2. Өзіне-өзі қол жұмсау беталысымен ілесетін жабығулар;

12.3.Тұлғаның психикалық жағдайының айқын бұзылуы (жарыместік), тиісті күтім болмаған жағдайда оның дәрменсіздігі.

Шұғыл психиатриялық көмек Қалалық психикалық сауықтыру орталығының (ҚПСО) шұғыл психиатриялық көмек бригадаларымен көрсетіледі. ҚПСО диспетчерлерінің телефон нөмірлері: 376-55-94, 376-55-96.

Медициналық жедел жәрдем Станциясы:

13.1. Еңбекке жарамсыздық парағын бермейді;

13.2. Сот-медициналық тұжырымдаманы бермейді;

13.3. Ішімдіктен, есірткіден мас болуды куәландыратын актілерді жазбайды;

13.4. Науқастарға немесе олардың туыстарына ҚР заңнамасымен бекітілгендерден басқа қандай-да болмасын жазбаша анықтамаларды бермейді.

Жедел медициналық жәрдем бригадасын негізсіз шақырған немесе жалған мәліметтерді әдейі берген адамдар қолданыстағы заңнамаларға, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы» Кодекстің «Арнайы қызметтерді қасақана жалған шақыру» 334 бабына сәйкес әкімшілік тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

Қажет болғанда, азаматтар және ішкі істер органдарының өкілдері науқасқа немесе зардап шегушіге, сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық жедел жәрдем бригадаларына көмектесулері керек.