Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 29.01.2014

bsk.jpg  Қан айналым жүйесі ауруларын (ҚЖА) ерте анықтау үшін    тұрғындар арасында мүгедектік пен жоғары өлім-жітімге әкелетін   асқынулардың таралуын төмендету үшін Алматы қаласында кардиологиялық қызметті жетілдіру жұмыстары жалғастыруда.

ҚР 2011-2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, 2012 жылдың 17 тамыздағы Республикалық штабтың хаттамалық шешімдерін, 2011 жылдың 28 қазандағы № 764 «ҚЖА ауруларының өлім-жітімін төмендету бойынша республикалық мекемелердің жауапкершіліген күшейту бойынша шараларды бекіту туралы» бұйрығын  іске асыру  мақсатында ҚЖА аурулары мен өлім-жітімді төмендетуге бағытталған ұйымдастыру шараларын өткізу бойынша кординатор 2013 жылы 1 қаңтарынан бастап Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты (бұдан әрі - КжІА ҒЗИ) болып табылады.

Халыққа кардиологиялық көмекті интенсивті дамыту қамтамасыз етілген. Жүрек ауруын хирургиялық емдеу жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) шеңберінде Қалалық кардиология орталығы (бұдан әрі - ҚКО), КжІА ҒЗИ, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы (бұдан әрі - ҚР ПІБ МО), А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы  (бұдан әрі -ҰҒХО) және «Сема» жеке кардиохурургияның орталығының кардиохирургиялық бөлімдерде іске асады. Диагностика мен емдеудің негізгі заманауи шұғыл терапиялық түрлерінің көлемі ұлғайды және қолжетімді, сонымен қатар шұғыл жоғары технологиялық инвазивті көмек (эндавакулярлық, артмалогиялық, хирургиялық) көрсетудің барлық негізгі түрілері 2012 жылы барлығы 4687 коронарография өткізілді, оның 3216 шұғыл түрде, қажеттіліктің 30% құрады. 274 операция АКШ (Burc Medical ақпарат бермеді)  жасалды, оның ішінде 212-сі ҚКО-та 328 (2011ж.-296) электрокардомулярлық орнатылды, оның  ішінде ҚКО -129(101). Алматы қаласында  ҚКО 7/24 режимінде жұмыс істейтін 2 ангиографиялық  қондырғы және тәулік бойы шұғыл кардохирургиялық көмек көрсететін операция бөлмесі бар.

bsk1.jpgТұрғындарға жүргізілген профтексерулер нәтижесінде ауруды  анықтау жақсара түсті. 2012 жылы АГ бастапқы аурулары  (2506,6/45% өсті (2011ж – 1727,9). Ал ҚЖА бастапқы аурулары  2011ж. салыстырғанда бір деңгейде 2011ж. 3815,1; 2012ж.  100мың адамға -3799.8.

ҚЖА болатын өлім-жітімді төмендетудің тиімділігін арттыру  мақсатында тек медициналық емес, ұйымдастырушылық-  әдістемелік, үгіт-насихат сипатындағы шаралар қабылданған.  Денсаулық сақтау басқармасымен жіті коронарлық синдром  (бұдан әрі ЖКС) алгоритмін енгізу бойынша Медициналық санитарлық алғашқы көмектің (бұдан әрі - МСАК) медициналық мекемелер белсенді жұмыс жасап келеді. ЖКС жанынан медициналық мекемелер арасында өзара әрекет алгоритмі жасалған.

Кардиология, кардиохирургия, функционалдық кабинет және УДЗ-диагностика, анестезиология және реанимация, жедел медициналық көмек және МСАК ұйымдастыру бөлімдерінің дәрігер мамандары мен орта медициналық қызметкерін ҚЖА диагностика және емдеудің тиімді технологияларымен емдеуді  енгізу бойынша тұрақты дайындық жұмыстары жүргізіледі (дәстүрлі және каскадты оқыту әдістері, оқыту семинарлары, шеберлік сағаттары).

ҚКО базасында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚРМУ, АМДБЖИ кардиология мамандарының бірлесе МСАК қызмет дәрігерлері үшін оқулар  және шеберлік сағаттары өткізіледі, 2012ж. клиникалық тәжірибеге диагностика және емдеудің инновациялық әдістері енгізілді.

bsk2.jpg«Туа біткен жүрек ақауының жабылуы» интервенциялық кардиология бойынша шеберлік сағаттары:

  • ILUMIEN жүйесін қолдану арқылы Absorb стенттерін импланттау.
  • Үй маниторы жүйесі бар 3 камералы кардивертер-деферблиятор имплантациясы
  •  Қатерлі гипертензия кезінде бүйрек денервациясы
  • Коронорлық тамыр іші қысымы градиентін өлшеу

Халық арасында жүрек-қан тамыр аурулары және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық ағарту жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қалалық орталығымен «Халықаралық артериялық  қысымның жоғарылауына қарсы күрес күні» акциясы кең көлемде өтеді. Барлық стационарларда және қалалық МСАК «Ашық есік күндері» өтеді.

ҚР ДМ 2011 жылдың 9 маусымындағы № 382 «Жіті ми қан айналымы бұзылулары бар науқастарға арналған неврологиялық бөлімдердің қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығын іске асыру және жіті ми қан айналымы  бұзылған науқастарға медициналық көмекті жетілдіру мақсатында  №7 Қалалық клиникалық аурухана және Жедел медициналық көмек ауруханасы базасында науқастарды ерте оңалтуды ұйымдастыруға арналған 2 нейроинсульттік орталық жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы ДСМ 2011 жылғы 9 маусымдағы № 382 «Ми қан айналымының жіті бұзушылығы бар науқастарға неврологиялық бөлімшелер қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар» туралы бектілген бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің инсульт орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында, 2012 жылдың 1 ақпан айынан бастап №7 Қалалық клиникалық аурухананың нейроинсульттік бөлімшесінде және Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында неврологиялық бөлімше базасында науқастардың ерте оңалуын ұйымдастыруға сәйкес 100 және 30 төсек-орынға екі нейроинсульт орталықтары ұйымдастырылды.
Республикалық трансферт есебінен екі орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуы қамтамасыз етілген. Емдік денешынықтыру, қалпына келтіруші медицина және физиотерапия бойынша дәрігерлерді, логопед, емдік денешынықтыру бойынша нұсқаушыны, медициналық психологты қосатын көмек көрсетуге көп тәртіптік тәсілдер енгізілді.
Барлық сатыдағы медициналық көмек емдеуге жатқызуға дейінгі, стационарлық, амбулаторлық көмек алгоритміне сәйкес көрсетіледі. Бірегей техникалық құралдармен (арнайы жабдықталған палата, физикалық оңалту және эрготерапия залдары) ерте нейрореабилитациялау ұйымдастырылған. Жол картасына сәйкес инсульт орталықтарының дәрігерлері Ресей Федерациясы, Казань қаласындағы Татарстанның жетекші тамыр орталығында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарында арнайы дайындықтан өтті.
2013 жылы көмектің тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында нейроинсульт қызметін орталықсыздандырып, аудандастырды. 2013 жылғы 1 шілдеде Орталық қалалық клиникалық ауруханада және №4 қалалық клиникалық ауруханада неврология бөлімшелері базасында 2 инсульт орталықтары ашылды.
Ми қан айналымының жіті бұзылушылығы бар науқастарды инсульт орталықтарына емдеуге жатқызу тіркелген ауданына сәйкес шұғыл көрсеткіштері бойынша жүзеге асады.
Қарқынды терапия және реанимация бөлімшелері бар инсульт орталықтары стандартқа сәйкес жабдықталған, компьютерлі томография және экстракраниалды тамырларды дуплексті сканирлеуге арналған детекторларымен ультрадыбысты сканер бар. №7 қалалық клиникалық ауруханада ТМД-да жоқ ангиографиялық қондырғы орнатылған. Даярланған кадрлардың және тиісті құрал-жабдықтардың болуы тәулік бойы эндоваскулярлы көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Инсульт орталықтарының дәрігерлері өз біліктіліктерін сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік конференция, симпозиум, семинарларда және шетелден келген жетекші мамандардың қатысуымен өтетін халықаралық шеберлік класстарда жоғарылатады.
Денсаулық сақтау басқармасы нормативтік-құқықтық актілерге және ҚР ДСМ бекітілген талаптарына (алгоритмдер, стандарттар) сәйкес МҚЖБ науқастарға медициналық көмек көрсетілуіне, сондай-ақ инсульт орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізуде.
Пациенттерді емдеу Ишемия және геморрагия инсульттерін диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүзеге асады. Геморрагия инсульті бар пациенттерге көрсеткіштері бойынша тәуліктік режимде операциялық көмек көрсетіледі.
Тиімді емдеудің негізгі факторы ол науқастарды ерте оңалту болып табылады. Оны аурудың басынан арнайы жабдықталған залда заманауи жаттығу құрылғыларымен үшінші, бесінші тәулікке тәжірибелі нұсқаушылардың бақылауына қалдырады. Оңалту залдары үстел-вертикализатор, швед қабырғалары, емдік симптоматикаға арналған құрал-жабдық (доп), ұсақ мотриканы қалпына келтіруге арналған құрал-жабдық, активті және пассивті механотерапияға арналған құрал-жабдық және тағы да басқа минималды стандартпен жабдықталған.
Орталықтарда пациенттерге және олардың жақындарына арналып «Инсульт мектептері» ұйымдастырылған. Өткізілетін оқытуларда мамандар тыңдаушыларға стационардан шыққаннан кейінгі тиімді өмір салтының ережелері мен пациентке күтім жасау ерекшеліктері жөнінде және қарапайым емдік жаттығулар жасап, қалпына келтіру нәтижелерін жақсартуға арналған тәсілдерді қолдану туралы түсінік береді.
20 күнге дейін аурудың күрделі кезеніңде емдеуді аяқтағаннан кейін науқастарды ары қарай реабилитацияға ауыстырады. №1 ҚКА инсульт алған пациенттерге реабилитация жүргізетін нейрореабилитациялау бөлімшесі ашылған.
Стационарлық емдеуден кейін маңызды қозғалыстық және/немесе конгнитивтік, психикалық функциялары бұзылған, өздігінен қозғала алмайтын және үнемі күтімді талап ететін пациенттер мейірбикелік күтім ауруханасына, қалалық паллиативті көмек орталығына жолданады немесе тұрғылықты тұратын жері бойынша үйде медициналық қызметкердің бақылауына жаздырылады.
Амбулаторлық деңгейде пациенттерге МСАК мамандарының бақылауында (неврологтар, кардиологтар, терапевтер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер,эндокринологтар, тамыр хирургтары, психологтар және т.б.) инсульт орталығының жағдайында бағдарламаға сәйкес қажетті ем және реабилитация жүргізіледі.
Кеш кезеніндегі инсульт көтерген пациенттерді тіркелген жері бойынша емхана невропотологы немесе учаскелік дәрігері көрсеткіштері болған жағдайда, Емдеуге жатқызу бюро порталы арқылы қала стационарларындағы неврология бөлімшесіне пациенттің таңдауы бойынша жолдайды.