Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 14.08.2015

Туберкулез 

t1.jpg Туберкулез – кең тараған инфекциялық аурудың бірі. Планета бойынша өлім-жітім себептерінің тізімінде 1-ші орынға ие. Туберкулез барлық жерде тараған. Қазіргі уақытта ДДСҰ статистикасы бойынша туберкулезбен 9 млн. адам ауырып және осы аурудан 2 млн. адам көз жұмады.

2012 жылы республикада 13141 адам туберкулезбен ауырған, оның 926 қайтыс болды. 2012 жылы Алматыда туберкулезбен 924 адам ауырып, 115 адам көз жұмды.

t2.jpgТуберкулезді қоздырушы – туберкулез микробактериясы немесе оны бұрын «Кох таяқшасы» деп, оны ашқан ғалымның атымен атаған.

Инфекция ошағы науқас адам болып табылады. Туберкулезбен ауырған бір адам жылына 10-15 адамға жұқтырады.

Жұқтырудың негізгі жолы – ауа арқылы жұқтыру. Ауру науқас адамнан дені сау адамға жөтел, түшкіру,сөйлесу кезінде беріледі.

                                                           t3.jpg

Негізгі диагностикалық әдістері: туберкулез бактерияларын анықтауға арналған қақырықты зерттеу, рентгенде тексеру және туберкулинодиагностика (Манту сынамасы)

Ертеде туберкулезбен тек кедейлер мен тұрмысы төмен адамдар ауырады деп санаған, бүгінгі күні бұл пікір өз күшін жойды. Кох таяқшасы адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамайды және ауру халықтың барлық жоғары тобында кездеседі. Өйткені туберкулез микробактериясы ауруы ауа арқылы беріледі, ал ауа бізге ортақ. Өмір ағымының жылдамдығы, дұрыс тамақтанбау ағзаның қорғаныс күшін төмендетеді және аурудың дамуына ықпал ететін есеңгірету сәттері болып табылады. Өмір сүру жағдайы мен тамақтану сапасы, үйлесімді фон, дамыған әлеуметтік байланыстар ауруға үлкен әсерін тигізеді. 

Тұрғындарының санитарлық сауаттылығының төмендігі де ауруды тарату себептерінің бірі болып табылады. Адамдар өздерінің туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болғанын жасырады, уақытында тексеруден өтпейді, аурудың симптомдары байқалған жағдайда дәрігерге қаралмайды.

Туберкулездің дәрілік-тұрақтылық формалары туралы ақпараттандыру өте төмен.

 Қазақстан – дәрілік-тұрақтылық формалы туберкулездің ауыр түрінен 22 елдің бірі болып табылады.

Бүгінгі күні туберкулездің қауіпсіздігі мынада: емдеу үзілген жағдайда оның жаңа, қауіпті тұрақты немесе күшті дәрігерлерді қабылдамайтын мультирезистенттік және суперрезистенттік формалары пайда болады.

Туберкулез ауруларының симптомдары мыналар:

  • 2 айдан аса жөтел
  • Тәбеттің жоқтығы
  • Дене салмағының азаюы
  • Жалпы әлсіздік
  • Түнгі тершендік
  • Дене қызуының болуы
  • Кеуде тұсының ауруы
  • Қан аралас қақырық

Егер сізде жөтелмен бірге жоғарыдағы симптомдардың бірі болған жағдайда тез арада дәрігерге қаралыңыз.

Дұрыс және уақытылы емдегенде туберкулезді толық емдеуге болады.

Тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.


t5.jpg


Жадынама:Туберкулез Қазақстанда бизнестің дамуына қауіп туғызбайды

Қазақстанда туберкулезді емдейміз: туберкулез инновациялық жылдамдату диагностика әдістері және оны халықаралық стандарттар негізінде емдеу, әр азаматқа тегін түрде қолжетімді.

·         2014 жылдан бастап 2014 жыл бойы туберкулезбен ауыратындар көрсеткіші 55% түсті, өлім – жітім 77% төмендеді.

·         2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

1.      туберкулезбен ауыратындар көрсеткіші 9% төмендеді.

2.      өлім-жітім көрсеткіші16% төмендеді.

·         Халықаралық стандарт негізінде инновациялық диагностика әдістерінің барлық түрлері және туберкулезді емдеу енгізілген.

·         Туберкулезбен ауыратын 70% астам науқастарда  ауру басталуы ерте кезеңінен, сонымен қатар жұққыштық кезеңге дейін байқалады.

·         Барлық науқастар стационар жағдайында бактерия бөлінуден бастап олардың жұғуы кезеңінен, бактерия бөлінуінің тоқтауына дейін ем қабылдайды.

·         Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастардың 99% көптеген тұрақты дәрілермен емдеумен қамтамасыз етілген, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының                (бұдан әрі –ДДСҰ) стандартын 85% арттыруда.

·         ДДСҰ жылдық есебіне сәйкес біздің еліміздегі науқастарды  осы категория бойынша тиімді емдеу дүние жүзі бойынша ең жоғарғы және 73% құрайды.

·         2013 жылы туберкулезге қарсы қызметтің бюджет көлемі 35,4млрд. теңгені құраса, 2014 жылы  36,2 млрд. теңгені құрады.

·         Соңғы 3 жыл көлемінде қызмет бюджетінің көлемінің өсуі  4,6% құрайды.

·         ДДСҰ соңғы миссиясы (2012 жыл мамыр ) барлық аспектілер бойынша Ұлттық туберкулезге қарсы  бағдарламаның жұмысын оң бағалады.

·         Қазақстандағы  Ұлттық туберкулезге қарсы  бағдарламасы кеңес одағынан кейінгі кеңістіктегі елдер арасында ең тиімді бағдарлама ретінде бағалануда.