Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 24.08.2015

                                АИТВ-инфекциясы және ЖИТС

1.  АИТВ деген не?

АИТВ адамның қорғаныш тапшылығының вирусы. АИТВ ағзаны әртүрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. АИТВ иммундық жүйенің нақтыланған жасушаларын жояды- оппортунистикалық CD4 жасушасы.

2. ЖИТС АИТВ деген не?

ЖИТС АИТВ - синдромы қорғаныш тапшылығынан игерілген. Адамның қорғаныш тапшылығының жүйесі әлсіреген кезде әртүрлі (туберкулез және пневмония) жұқпаларында осал болып келеді. Бұндай жұқпаларды адамның қорғаныш тапшылығы әлсіреген және ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілетін жоғалтқанда тууына байланысты «оппортунистикалық» (қолайлы жағдайды пайдаланатын) деп атайды. АИТВ- жұқтырған адам  бір немесе оданда көп оппортунистикалық аурулар диогностикалайды және  CD4 деңгейі белгілі деңгейге дейін төмендейді, оған ЖИТС диагнозы қойылады.

3. АИТВ қалай таралады?

АИТВ –беріледі:

А) Жыныстық жолмен- мүшеқапсыз болған барлық қатынаста;

Б) Қан арқылы:

- Жұқпаланған қанды және оның құрамын құйғанда, донорлық ағзаларды және тіндерді ауыстырғанда;

- Тағайындалған медициналық және медициналық емес залалсыздырылмаған құралдарды қолданғанда;

В) Жүктілік кезінде, туу немесе емізу арқылы анадан балаға;

4. АИТВ таралмау жолдары

АИТВ жұқпайды- қол алысқанда және құшақтасқанда, ыдыс арқылы, тамақ, дәретхана құралдарын пайдаланғанда; төсек жабдықтары және ішкиім; қағаз және тиын ақша арқылы, ауа, ойыншықтар,қажетті заттардан, спорттық құралдардан, есік тұтқаларынан, көлік тұтқаларында; жәндіктер шаққанда; сүйіскенде;

5.АИТВ-ні қалай анықтауға болады?

Адамды жұқтырған немесе жұқтырмағанын сыртқы келбетіне қарап анықтауға болмайды. Бұл антиденеде АИТВ-тің бар болуына қарсы қан талдауын өткізу,

Антидене- бұл ағзадағы жұқпаның  еніп кетуіне қарсы өңделетін арнайы ақуыз.

6. Не үшін АИТВ-ге тест тапсыру қажет?

- Адам өз өмірінде АИТВ-нің жұғу қауіпі болғанын түсінсе, қорқынышты сейілту үшін;

- Жақын адамыңа жұқтыру қауіпінен туғызбас үшін;

- АИТВ жұқпасы анықталған жағдайда, уақытында емделу үшін;

- жүктілік кезінде, туу және емізгенде анадан балаға АИТВ-нің оң статусы жұқпасының  берілуін болдырмау мүмкіндігінің болуы;

7. АИТВ-ге тексеруді қай жерден өтуге болады?

Сіз АИТВ-ге тексеруден АИТВ-мен күрес және алдын алу орталығынан, сонымен қатар, АИТВ-ні жасырын емдеу кабинеттері бар қалалық емханалардан, тексеру кезінде кеңесшіден АИТВ жайлы барлық қызықтыратын сұрақтарды анықтауға болады, тексеру анықтаудың алғашқы және соңғы сәтіне дейін кеңес берумен қоса жүргізіледі.

8. АИТВ-ні жұқтырған адамдарды емдеу жолдары бар ма?

Емдеу кезінде антиретровирустық деп аталатын құрылғылар қолданылады. Антиретровирустық құрылғылар- АИТВ-нің таралуын баяулатады, қорғаныштық жүйенің бұзылуын болдырмайды және ЖИТС-ның таралуын тоқтатады. Емдеудің бұл түрі адамдарға АИТВ мен , белсенді және толық қанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Сол себепті өзіңнің АИТВ сатысын ертерек анықтау және дер кезінде ем алу өте маңызды. Біздің елде АРВ құралдары емдеуді қажет ететіндердің барлығына ақысыз беріледі.

9. АИТВ-ні жұқтырған әйелдің сау бала тууға мүмкіндігі бар ма?

Егер ол өз сатысын ерте анықтағанда, балаға жұғу қауіпін төмендету үшін дер кезінде емді жүргізгенде,  оң АИТВ-сі бар әйел сау бала туа алады. Бала тууды немесе жүктілікті тоқтатуды тек әйелдің өзі ғана шешеді.

10. АИТВ-ні жұқпасы анықталғанда қажетті тексеруді кім атқарады? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 3 қарашадағы №1280 қаулысымен бекітілген «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларына» сәйкес Қазақстан аумағында тұратын Қазақстан азаматтары, оралмандар және басқа да тұлғалардан АИТВ-і жұқпасы анықталғанда клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша медициналық тексеруге жатады.

11. Алматы қаласы бойынша Эпидемиологиялық жағдай.

Өсу көрсеткіштері бойынша 1987 жылғы тіркелген АИТВ жұқпасы- 4096, соның ішінде Алматы қаласы тұрғындары-3149(77%). Барлық АИТВ жұқпасының анықталған саны, басқа қаладан келген азаматтар 23% құрайды. АИТВ жұқпасының себебі және берілу жолдары: негізгі эпидемиялық таралу жолы парентералды(есірткіні инъекцияны қолдану арқылы) болып табылады және 65,5% құрайды, жыныс жолдары арқылы - 31,9%, вертикалды жолдар арқылы -1,2%. Дегенмен, соңғы жылдарда тұрғындардың әлсіз топтарының инекцияға көшуіне байланысты жалпы популяцяға жыныстық жол арқылы таралу үлесінің өсуі және парентералды жолдарының төмендеуі тіркелді.Тұрғындардың ең белсенді және жұмысқа жарамды бөлігі жұқтырған: 20-39 жас -76%, 40-49 жас -16%. Жалпы құрылымда анықталған әлеуметтік топтағы жұмыссыз азаматтарда АИТВ жұқтырғандар-47% құрайды.

Бұданда толық ақпаратты Сіз Бәсенов көшесі 2 үй, 4 корпус мекенжайында орналасқан Алматы қаласының  ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығынан тел: 246-53-35, 246-53-36 байланысу арқылы ала  аласыз.           

      

Қазақстан- АИТВ инфекциясынсыз!

  • Қазақстанда АИТВ-инфециясын емдеу және диагностикалау әр азаматқа қолжетімді және тегін түрде жүзеге асырылады. АИТВ-инфециясын профилактикалық шараларды сақтай отырып, болдырмауға болады.
  • Вирусқа қарсы терапия алған, АИТВ -пен өмір сүретін тұлғалар ұжымның толыққанды мүшесі болып табылады және қоғам үшін қауіпті емес.
  • Қазақстанда АИТВ –инфекциясы бар әйелге жүктілік кезінде, босану уақытында, босанғаннан кейін, жаңа босанған уақытта вирусқа қарсы терапияны жүргізу жолы арқылы АИТВ анадан балаға берілуін алдын алу қамтамасыз етіледі.
  • 2014 жылы АИТВ анадан балаға берілу деңгейі 0,8% төмендеді.
  • 2014 жылы емдеу 74% құрады.
  • 2010 жылғы 17%-ға қарағанда өлім көрсеткішінің төмендеу динамикасының жағымды көрсеткіші 2014 жылы 8% жетті.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша Қазақстан аумағында эпидемия үрдісінің дамуы шоғырланған сатысында (0,2% халық болған жағдайда орташа көрсеткіш 1,1).
  • Жаһандық бәсекелестік көрсеткішінің рейтингінде «15-49 жас аралығындағы халықтар арасында АИТВ –инфекциясының таралуы» 2014-2015 жылдарға көрсеткіші бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда тұрған елдердің құрамына кірді.
  • 2009 жылдан бастап парентералді жол арқылы берілу үлесін төмендету көрсеткіші бақылауға алынған, 2014 жылы 31% құрады.